Жексенбі, 05 Мамыр 2024 10:45

Шымкентте 33 спорттық ұйым жұмыс істейді

Бұл туралы Шымкент қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Маратбек Мықтыбеков мәлімдеді. Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте басрама басшысы 2024 жылдың 4 айында атқарған жұмыстары мен болашақтағы жоспарларымен бөлісті. 

Шымкент қаласында жалпы 33 спорттық ұйым жұмыс істейді. Аталған мекемелерде спорттың 74 түрі дамыған.

Атап айтқанда: 37 олимпиадалық, 28 олимпиадалық емес және 9 ұлттық спорт түрлері бар.

Сондай-ақ, 18 490 спортшымен оқу-жаттығу сабақтарын жүргізуде.

Олар;

олимпиадылық спорт түрімен – 12481,

қысқы спорт-338,

олимпиадалық емес – 4008,

ұлттық спорт түрі – 1322,

мүгедектігі бар спортышалар – 341 (пара-72, сурдо-153)

Сондай-ақ штаттағы 912 жаттықтырушы жұмыс істейді, олардың 638 олимпиадалық спорт түрі болса, 69 – ұлттық, 182- олимпиадалық емес және мүгедектігі бар - 23 жатықтырушы жұмыс істейді.

 

2024 жылға жергілікті бюджеттен спорт секцияларын жан басына шаққандағы қаржыландыру жобасына 2 866,0 млн. теңге қаржы қарастырылған.

Қазіргі таңда, мемлекеттік спорттық тапсырысты жан басына нормативтік қаржыландыру платформасында 109 кәсіпкер біліктілік іріктеуден өтіп, спорттың 17 түрінен 195 секцияда 12 024 бала спортпен айналысуда.

Осы жоба аясында 328 жаттықтырушы және 195 жуық басқа да қызметкерлер жалпы саны 523 адам тұрақты жұмыспен қамтылып отыр.

Жоғары спорттық жетістіктер бойынша 2024 жылдың 4 айдағы жеткен нәтижелер туралы айтар болсақ, қала спортшылары спорттың бірнеше түрінен Қазақстан Республикасының чемпионаттарына қатысып, 254 алтын, 195 күміс, 249 қола медаль еншілеген. Бүгінде қоржынымызда жалпы саны 698 медаль бар.

Мәселен, Азия чемпионаттарында жалпы саны 27 медалға қол жеткізілді. Оның 10 алтын, 9 күміс және 8 қола медаль.

Ал әлем чемпионаттары мен кубоктарында біздің спортшыларымыз,

3 алтын, 2 күміс, 4 қола медальға ие болып, жалпы саны 9 медалды қанжығасына байлаған.

2024 жылдың 3 айының қорытындысы бойынша: 1 ҚР еңбегі сіңген жаттықтырушысы, 6 халықаралық дәрежедегі спорт шебері, 22 Қазақстан Республикасының спорт шебері, 79 спорт шеберіне үміткер спортшылар дайындалды.

 

 

 

 

 

Оқылды 419 рет