Сәрсенбі, 24 Қазан 2018 11:44

Сарыағаш ауданында шағын футболдан «Студенттік лига» ойыны өтті

Сарыағаш ауданы, Сарыағаш қаласында орналасқан спорт кешенінде арнаулы орта оқу орындарының арасында спорттың шағын футбол түрінен «Студенттік лига» ойыны өтті. Жарысқа жалпы Сарыағаш ауданынан 5 команда және Келес ауданынан 1 команда қатысып бақтарын сынады.

Жарыстың мақсаты жастар арасында салауатты өмір сүру салтын насихаттау, аудан жастары арасында достық байланысты нығайту, дене шынықтыру мен спортты дамыту, спорт шеберлігін шыңдау болып табылатынын айта кеткен жөн. Жарысты тамашалауға, жастарды қолдауға Сарыағаш аудан әкімі Қайрат Абдуалиев, жастардың жанашыры Облыстық жастар ресуртық орталығының басшысы Береке Дүйсебеков, облыстық ақпараттық топ қатысты.

Тартысты өткен бұл жарыстың нәтижесіне тоқталар болсақ, І-орынды Сарыағаш медрессе колледжі, ІІ-орынды Қапланбек аграрлық - техникалық колледжі, ІІІ-орынды Абу Али Ибн Сина жоғары колледжі иеленді. Жарыс соңында аудан басшысы жастарды бүгінгі «Студенттік лига» ойынымен құттықтап, жүлдегерлерді бағалы сыйлықтармен марапаттады.

«AQ-QARA.KZ» – ақпарат»

Оқылды 1215 рет