Бейсенбі, 25 Қазан 2018 10:51

Сарыағашта волейболдан «Студенттік лига» ойындары өтті

Сарыағаш ауданы Қапланбек аграрлық-текникалық колледжінде арнаулы орта оқу орындарының студент қыздар арасында жарыс өтті. Қапланбек аграрлық-текникалық колледжінде Сарыағаш ауданы ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен арнаулы орта оқу орындарының студент қыздары арасында спорттың волейбол түрінен «Студенттік лига» ойындары болып өтті.

Аталмыш жарысқа Сарыағаш ауданымен қоса көрші Келес ауданның қыздары да бақтарын сынағанын айта кетейік. Жарыстың мақсаты қыздар спортын жандандыру, аудан арасында достық қарым-қатынасты нығайту, жастар арасында салауатты өмір сүру салтын насихаттау, дене шынықтыру мен спортты дамыту, спорт шеберлігін шыңдау, қыздарды спортқа баулу болып табылады.

Қыздар арасында өткен волейболда жарыста І-орынды №12 Кәсіптік колледжі, ІІ-орынды Сарыағаш медрессе колледжі, ІІІ-орынды ОҚ Арыстанбаб колледжі иеленді.. Жарысты тамашалауға, жас қыздардың талантын көруге, жастарға қолдау көрсетуге Сарыағаш аудан әкімі Қайрат Абдуалиев, Облыстық жастар ресуртық орталығының басшысы Береке Дүйсебеков арнайы қатысты. Жарыс соңында аудан басшысы Қайрат Абдуалиев қыздарға өмірде тек сәттілік тілеп, алдағы жарыстарда биік белестерден көрінуіне тілектестік білдіріп жарысты қорытындылап жеңіпаздарды марапаттады.

«AQ-QARA.KZ» – ақпарат»

Оқылды 1092 рет