Сенбі, 17 Тамыз 2024 18:16

Шымкент: Спортшылар марапатталған күн

Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Құранбек Сәрсен Абайұлының қатысуымен өңірдегі спорттың дамуына елеулі үлес қосқан сала қызметкерлері мен ардагерлерін құттықтау мақсатында мерекелік жиын ұйымдастырылды. Жиында сондай-ақ Шымкент қаласы мәслихатының хатшысы Нарымбетов Баһадүр Мәдәліұлы мен қалалық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Мықтыбеков Маратбек Сәменбекұлы қатысушыларды мерекемен құттықтап, отандық спорттың дамуына елеулі қосқан сала өкілдеріне алғыстарын білдірді. Мерекелік жиын барысында қала әкімінің Алғыс хатымен сала қызметкерлері, жаттықтырушылар және спорт ұйымдарының өкілдері марапатталды.

 

Айта кетейік, қаланың 2021-2025 жылдарға арналған даму жоспарына сәйкес, 4 бағытта жұмыс жоспарлары белгіленген. Дене шынықтыру және спортпен айналысатын азаматтардың санын жалпы халықтың 50 %-ына дейін жеткізу – басты жоспарда.  Бүгінде үшінші мега­по­лис­те 33 спорттық ұйым жұ­мыс істеп тұр. Оның 16-ы ба­лалар-жасөспірімдердің және біреуі мүгедектігі бар адамдарға ар­налған спорт мектебі. Одан бө­лек, жоғары спорт ше­бер­лі­гі­не арналған, Олимпиада ре­зер­він даярлау орталығы, кәсіби спорт клубы, су-спорт кешені мен мемлекеттік жеке әріп­тес­тік аясындағы спорт нысандары бар. Аталған мекемелерде спорт­­тың 74 түрі дамытылып ке­­леді. Оның 37-і олим­пиа­да­лық, 28-і олимпиадалық емес жә­не 9 ұлттық спорт түрлері. Сон­дай-ақ 18 490 спортшы оқу-жаттығу сабақтарын жүр­гізіп жатыр. Биылғы көрсеткішке көз жүгіртсек, қала спортшылары түрлі спорт жарысында 254 алтын, 195 күміс, 249 қола медаль жеңіп алған. Одан бөлек, Азия чемпионаттарында: 10 алтын, 9 күміс және 8 қола, ал әлем чемпионаттары мен кубоктарында: 3 алтын, 2 күміс, 4 қола (жалпы 9) медальға ие болды.  Биыл жыл басынан бері 1 еңбегі сіңген жатты­қ­тыру­шы, 6 халықаралық дәрежедегі спорт шебері, 22 Қазақстан Рес­­публикасының спорт ше­бе­рі, 79 спорт шеберіне үміткер спорт­шылар дайындалған.

Оқылды 104 рет