Тарқатып айтар болсақ;
Асық ату: командалық
Молжигитов Нұрқисса - алтын
Дәстүрлі садақ ату: жекелей
Кулмирзаев Жәнібек - алтын
Қазақ күресі: жекелей
Қожамбеков Жұмажан - алтын
Мұзаппаров Ерсұлтан – алтын
Кураш (Өзбек) күресі: жекелей
Бахиева Альбина - алтын
Теңге ілу: жекелей
Төлтай Бақыт - алтын
Мангала (Тоғызқұмалақ спорт түрі): командалық
Қуанышбекова Айкерім - алтын
Көк бөрі: командалық
Айтбаев Темирхан - күміс
Аманжол Нұрдаулет - күміс
Оңғарбаев Асқар - күміс
Дәстүрлі садақ ату: командалық
Әбдікеримов Мақсат - күміс
Ордо (Қырғыздың асық ату спорты): командалық
Молжігітов Нұрқанат - күміс
Ануарбекұлы Нұржігіт - күміс
Қазақ күресі: жекелей
Файзолланова Зәмзәгүл - күміс
Кураш (Өзбек) күресі: жекелей
Байкамуров Марат, күміс
Қазақ күресі: жекелей
Бахиева Альбина - қола
Алыш (Қырғыз) күресі: жекелей
Ракиш Арайлым - қола
Дәстүрлі садақ ату: жекелей
Кулмирзаев Жәнібек - қола
Мангала (Тоғызқұмалақ спорт түрі): жекелей
Қуанышбекова Айкерім - қола.
Сондай-ақ өңірден 10-ға жуық елші Көшпенділер ойындарының куәсі болды.
«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тікелей бастамасымен қазақ топырағында ұйымдастырылған Дүниежүзілік көшпенділер ойындары – мәні терең, мазмұны бай бірегей жоба. Оның түркі әлемінің алтын бесігі – Қазақ жерінде жалауын желбіреткені – біз үшін зор мәртебе әрі шын мақтаныш. Ойындарда 30-дан астам елдің спортшылары медаль иеленді. Жүлде алған мемлекеттер қатарында мұхиттың арғы жағынан келген Канада мен Мексика спортшылары да бар. Дүбірлі додаға 90-ға жуық мемлекеттің қатысуы, 30-дан астам елдің жүлдегерлер қатарынан көрінуі – дүниежүзінде көшпенділер ойындарына деген қызығушылықтың артып келе жатқанын аңғартады. Келесі, 6-шы Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын бауырлас мемлекет – Қырғыз Республикасы қабылдайды. Қырғыз елінің алдағы бәсекені жоғары деңгейде өткізуіне тілектеспін. Көшпенділер Олимпиадасының беделі биіктей берсін!», – деді Ербол Мырзабосынов.
Айта кетейік, 8-13 қыркүйек аралығында өткен додаға 89 елден 2500-ге жуық спортшы қатысты. Қазақстан құрамасы 43 алтын, 34 күміс, 37 қола медаль иеленіп, жалпыкомандалық есепте топ жарды. Көшпенділер ойындарын ұйымдастыру дирекциясы бастапқыда этноспорттың 21 түрі бойынша 97 медаль жиынтығы сарапқа салынады деп жариялады. Шетелдік құрамалардың өтініші бойынша жарыс барысында дәстүрлі садақ атудан қосымша «пұт», «қалқан» және «жамбы» нысаналары бойынша қыздар сайысы қосылып, медаль жиынтығы 100-ге жетті.
Жабылу салтанатының соңында ойындардың ресми нышаны саналған торсықты келесі ойындарды қабылдайтын Қырғыз Республикасының Мәдениет, ақпарат, спорт және жастар саясаты министрі Алтынбек Мақсұтовқа табыс етілді.
Айта кетейік, ойындар елордадағы 7 спорт кешенінде, атап айтқанда, «Астана Арена» стадионы, «Қазанат» ипподромы, «Алау» мұз сарайы, Жақсылық Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайы, «Qazaqstan» жеңіл атлетикалық спорт кешені, «Думан» кешені және Ұлттық музейде өтті.