Жексенбі, 22 Қыркүйек 2024 12:13

Шымкенттегі Ұлттық Ұлан офицері күштік сайыста ел рекордын орнатты

 Қарағандыда «Алтын Батыр» күштік спорт түрлері бойынша ашық әлем кубогы өтті. Шымкенттегі Ұлттық Ұлан офицері күштік сайыста ел рекордын орнатты.

Күштік сайысқа Үндістан, Греция, Украина, Өзбекстан, Қырғызстан, Ресей және Қазақстаннан екі жүзден астам спортшы қатысты.

Жарысқа «Strong man» командасының құрамында ҚР ІІМ Ұлттық ұланы 6506 әскери бөлімінің офицері майор Сұлтан Абдулмаликұлы қатысты.

Күшті қарсыластармен шиеленісті жекпе-жекте Сұлтан жоғары шеберлік, мызғымас ерік және нағыз спорттық сипат көрсетті. 82.5 келіге дейінгі салмақ дәрежесіндегі жарыстың қорытындысы бойынша ол бірден екі пән бойынша бірінші орынды иеленді – «Халық басуы. Өз салмағымен штанганы басу» және «Әскери басу - өз салмағын бірнеше рет қайталау».

Айта кету керек, «әскери басу - өз салмағын бірнеше рет қайталау» пәнінде 28 қайталау нәтижесімен әскери қызметші Қазақстан рекордын орната алды.

– «Біз әскери қызметшілерміз, дене шынықтыруды үнемі қолдап, спортпен шұғылдануымыз керек. Күнделікті жаттығулардың арқасында мен бүгін осындай нәтижеге қол жеткіздім", - деді Сұлтан Абдулмаликұлы.

Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының 6506 әскери бөлімі даңқты спорттық дәстүрлерге ие. Көптеген жылдар бойы әскери бөлімнің әскери қызметшілері Қазақстан Республикасының чемпионаттарында және халықаралық деңгейдегі басқа да жарыстарда көшбасшы болып табылады.

 

Оқылды 205 рет