Сенбі, 21 Қыркүйек 2024 11:23

Шымкент: «Есірткіге жол жоқ!» акциясы аясында волейбол бәсекесі өтті

Шымкент қалалық “Жастар ресурстық орталығы” КММ-нің ұйымдастыруымен “Есірткіге жол жоқ!” акциясы аясында волейболдан жолдастық кездесу ойындары өтті. Іс-шара саламатты өмір салтын насихаттау және жастарды зиянды әдеттерден аулақ болуға шақыруды мақсат еткен.

Есірткіге қарсы күреске акциясы аясында жоғары оқу орындары арасындағы жолдастық кездесуге Мирас университеті, Өзбекәлі Жәнібеков атындағы ОҚПУ, Орталық Азия Инновациялық университеті және Жастар ресурстық орталығының қызметкерлері қатысты.

Спорттық бәсекеде қатысушылар командалық рухты нығайтып, спорттың адам денсаулығына пайдасын көрсете білді. Сайыста командалар жоғары деңгейде шеберлік танытты.

Жарыстың нәтижесі бойынша Мирас университеті командасы 1-орын, Өзбекәлі Жәнібеков атындағы ОҚПУ командасы 2-орынды жеңіп алды. Орталық Азия Инновациялық университеті командасы жүлделі 3-орынға иелік етті. Іс-шараның қорытындысында барлық қатысушылар мен жеңімпаздар арнайы дипломдармен марапатталды.

 Естеріңізге сала кетейік, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Жолдауында спорт саласындағы заңнаманы жаңартуды тапсырды.

«Баршаңызға мәлім, мен бұқаралық спортты дамытуға ерекше мән беріп отырмын. Жастарымыз дені сау, мықты азамат болып өсуі керек. Сондықтан ұлт саулығын сақтау үшін бұқаралық спорттың маңызы айрықша. Жақында мен Олимпиадаға қатысушылармен кездестім, спорттағы нақты міндеттер мен басымдықтарға тоқталдым. Шын мәнінде, бұл саладағы заңнаманы жаңартатын кез келді деп ойлаймын», - деді Мемлекет басшысы.

Президент аталған заңға енгізілетін өзгертулер бұқаралық спорт пен балалар спортын дамытуға зор серпін беретіні айтты.

«Сондай-ақ болашақ жеңімпаздар шоғырын даярлауға жол ашады. Депутаттар осы маңызды заң жобасына айрықша мән бергені жөн деп санаймын», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Оқылды 69 рет