11, 12 және 13 қазанда Кипр мемлекетінің Ларнака қаласындағы Китон атлетикалық орталығында, самбодан әлем біріншілігі өтті. Жас самбошылар үш жас ерекшелігінде және екі пән бойынша Кипр кілемінде алтын медаль үшін сайысты.
"Биылғы жылы жастар арасындағы әлем біріншілігі бірден үш жас тобында өтті және 33 елден келген спортшылардың рекордтық санын жинады, бұл өткен жылғы көрсеткіштерден едәуір асып түсті. 21 команданың өкілдері әртүрлі беделді медальдарды жеңіп алды, бұл әлемдік самбодағы бәсекелестіктің өсуін тағы да растайды", — деді ФИАС президенті Василий Шестаков.
Ларанкада жас ерекшелігі және пән бойынша қазақстандық 60 самбошы кілемге шықты. Шымкенттік Пердалы Абиш пен Салхан Сапарғали солардың қатарында. Шымкенттік спортшылар Қазақстан құрамасының сапында 49 және 79 келіде өнер көрсетті.
Нәтижесінде Пердaлы Абиш 49 келде -3-ші орынды місе тұтса, 79 келіде белдескен Салхан Сапарғали 1-ші орыннан көрінді. Спортшылардың жаттықтырушылары: Сейiтбек Даурен мен Көлбай Бақыт.
Атап өтерлігі, Қазақстан құрамасы жауынгерлік самбода 1 алтын, 2 күміс және 3 қола жеңіп алды.
Самбодан келесі Әлем чемпионаты Астанада 8-10 қараша аралығында өтеді.
Самбоның тарихы Кеңестер Одағы тұсында 1938 жылы 16 қарашадан басталады делінеді. Сол жылы денешынықтыру саласының бүкіл одақтық комитеті самбоны бірауыздан спорттың бір түрі деп тіркеді. Самбо сөзі үш сөз тіркесінен тұрады. Талдап айтсақ, алғашқы тіркестен "сам(ооборона)", "б(ез) о(ружия)" деген сөз шығады (орыс тілінде).
Бұл бір емес, жиырма елдің ұлттық спорт түрлерінің жиынтығы деген пікір бар.