Сейсенбі, 15 Қазан 2024 12:32

Спорттық гимнастикадан өткен ҚР Чемпионатында спортшыларымыз жарады!

7-10 қазан аралығында  Алматы қаласында спорттық гимнастикадан ҚР чемпионаты өтті. Аталмыш додадан шымкенттік спортшылар жүлдемен оралды. 

Атап айтар болсақ, Алишер Тойбазаров көпсайыста 1-ші орынды иемденсе, қоссырықта екінші орын алды.

Диас Тойшыбек қоссырықта алтыннан алқа тағынса, тұтқалы атта көрсеткен өнері  күміс медальмен бағаланды.

Фарух Набиев керме мен тірентіп секіруден екінші орындарды иемденді.

Көркем Ербосынқызы көпсайыста, еркін жаттығуда және бөренеде көрсеткен өнерлері үшін күміспен марапатталды.

«Ақ-қараның» анықтамалығы:

Дүниежүзілік спорт түрлерінің ішінде зор бедел иесіне айналған спорт түрі - спорттық гимнастика. Спорттық гимнастика - бұл олимпиадалық спорт түрі, онда спортшылар техникалық шеберлікті және күрделі жаттығуларды әр түрлі қимылдар орындаумен ұштастыра жарысады.

Мұның толық дәлелі - спорттың бұл түрінің жанашырлары 1881 жылдың өзінде-ақ халықаралық федерациясын құрып үлгерді. Дүниежүзілік ең көп олимпияда медалынан алқа таққан орыс гимнастикасының көсемі Лариса Латынина, олардың саны 14.

Гимнастикалық жаттығулардың дене тәрбиесі мәдениетінің негізгі көзіне айнала бастаған ХVІІІ-ХІХ ғасырдан-ақ басталған.

Ерлердің жабдықтары - керме, шығыршық, қоссырық, таянып секіру, ағаш ат және еркін жаттығу.

Әйелдердің жабдықтары - бөрене, таянып секіру, әр түрлі биіктегі қоссырық және еркін жаттығу.

Спорттық гимнастика бойынша бастапқы даярлық топтарына қабылдау үшін оқушылардың жасы 5-8 жас аралығы.

Спорттық гимнастикадан алғашкы олимпиада чемпионы тәжін киген грек - Николаос Анлриакопулос. Қазіргі кезеңдегі гимнастикалық державаға айналған мемлекет қатарына Қытай, Жапония, Румыния жөне Ресейді жатқызуға болады.

Оқылды 214 рет