Сәрсенбі, 16 Қазан 2024 16:44

Шымкенттік Жолдыбай Тоқбаев - Әлем чемпионатының қола жүлдегері

Хорватияның Пореч қаласында еркін және грек-рим күресінен ардагерлер арасындағы Әлем чемпионаты аяқталды. Әлемдегі ең мықты спортшылар турниріне 44 елден 60 жасқа дейінгі еркін және грек-рим күресінің 650 үздік өкілдерінің балуандары жиналды. 

8-13 қазан аралығында Хорватияның Пореч қаласында еркін және грек-рим күресінен ардагерлер арасында Әлем чемпионаты өтті. Халықаралық аренада өз шеберлігі мен тәжірибесін көрсету үшін әлемнің түкпір-түкпірінен келген үздік балуандар жиналған додаға шымкенттік балуан да қатысты.

Шымкенттік балуан Жолдыбай Тоқбаев грек-рим күресіненөнер көрсетіп үшінші орын, қола медальді місе тұтты. Жаттықтырушысы: Б.Дециев.

«Ақ-қараның» дерегі:

1896 жылы күрес бірінші заманауи Олимпиада ойындарына енгізілді. Сол уақытта Олимпиада комитеті оған грек-рим күресі деген атау берді. Бірінші ойындарға төрт елден бес адам ғана қатысты (екі грек және Германия, Венгрия мен Ұлыбританиядан бір өкіл). 1900 жылғы Париж Олимпиадасынан басқа ойындардың барлығында жеңімпаздарды анықтады.

1908 жылғы Лондон Олимпиадасында балуандар екі стильде де күресті, тек 1912 жылғы Стокгольм ойындарында спортшылар грек-рим күресінен сынға түсті.

2004 жылғы Афина Олимпиадасында әйелдер күресінен алғаш рет жүлделер сарапқа салынды.

Күрес жазғы Олимпиада ойындарының бағдарламасында бүгінге дейін бар және 18 жүлде жиынтығы  таратылады

Париж-2024 Олимпиадасында күрестің екі түрі көрсетілді: грек-рим және еркін күрес - барлығы 18 салмақ дәрежесі болды.

Әйелдер күресі: 50 келіге дейін, 53 келіге дейін, 57 келіге дейін, 62 келіге дейін, 68 келіге дейін, 76 келіге дейін.

Грек-рим күресінен ерлер: 60 келіге дейін, 67 келіге дейін, 77 келіге дейін, 87 келіге дейін, 97 келіге дейін, 130 келіге дейін.

Еркін күрес ерлер: 57 келіге дейін, 65 келіге дейін, 74 келіге дейін, 86 келіге дейін, 97 келіге дейін, 125 келіге дейін.

Жарыс шығып қалу жүйесі бойынша өтеді. Финалға шыққандар алтын мен күмісті сарапқа салады, ал турнир барысында финалистерге есе жіберген споршылар жұбаныш белдесулерінде екі қола жүлдеге таласады.

Оқылды 107 рет