Сенбі, 05 Қазан 2024 00:49

Өзбек күресі - Кураш

"Аq-qara.kz" сайт "Спорт-денсаулық кепілі" жобасын бастады. Негізгі мақсат-елімізде және Шымкентте бұқаралық спортты дамыту және насихаттау. Әр шығарылымда біз көптеген адамдарға ыңғайлы спорт туралы жазамыз. Сарапшылар ретінде табыстың шыңына жеткен танымал Чемпиондар, әуесқой спортшылар таңдалады. 

Бұл мақалада біз V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында 27 елден 106 спортшы бақ сынаған «Кураш» ойыны туралы жазып отырмыз. 

 Кураш. Шымкенттік: Бакиева Альбина мен Байкамуров Марат өнер көрсетті. 

Өзбек халқының ұлттық спорты. «Алау» мұз айдыны сарайында Кураштан қазақстандық 6 спортшы жүлдеге ие болды. 87 келі салмақта Альбина Бахиева алтын жүлде алса, 79 келі салмақта Ажар Салықова мен +100 келіде Марат Байкамуров күміс жүлдені еншіледі. 81 келі салмақта Ерзат Арғынов, 81 келі салмақта Бекәділ Шаймерденов пен 87 келі салмақта Ұлболсын Адилова қола жүлде алды.

Өзбек халқының күресінде екі қарсылас тік тұрып күреседі, жекпе-жек дзюдодағыдай кілемшелерде өтеді.

Курашта жатып күресуге тыйым салынады. Тек тік тұрып күресуге болады және тек лақтыру мен аяқтан қағуға рұқсат етіледі. Кез келген соққы, ауыртпалық, тұншығу әдістерін, сондай-ақ белбеуден төмен қармап ұстауға қатаң тыйым салынады.

Команда құрамы: 8 спортшы, 1 бапкер, 1 төреші

Жарысқа 18 жастағы және одан асқан спортшылар жіберіледі.

Жарыстар ерлер мен әйелдер арасында өткізіледі. Барлық салмақ дәрежесінде 1 спортшы жіберіледі.

Ерлер салмақ дәрежелері: 60 келіге дейін, 66 келіге дейін, 73 келіге дейін, 81 келіге дейін, 100 келіден жоғары.

Әйелдер салмақ дәрежелері: 57 келіге дейін, 70 келіге дейін, 87 келіге дейін.

Күрестің ұзақтығы:

•Ерлер арасында –5 минут.

•Әйелдер арасында –3 минут.

Жарыстар «International Kurash Association» (Халықаралық «Кураш» қауымдастығының) ережелері бойынша өткізіледі.

 

Оқылды 31 рет