Сәрсенбі, 13 Қараша 2024 18:12

Шымкенттік палуандар грек-рим күресінен 5 алтын, 2 күміс,1 қола медаль жеңіп алды

Тараз қаласындағы Жақсылық Үшкемпіров атындағы «Тараз-Арена» спорт сарайында грек-рим, еркін және әйелдер күресінен Қазақстан Республикасының Кубогы өтіп жатыр. Бұл жарысқа еліміздің барлық аймақтарынан және Алматы, Астана мен Шымкент қалаларынан спортшылар қатысуда. Әрбір күрес түрінен бірнеше салмақ санаттарында бәсекелер ұйымдастырылып, жеңімпаздар мен жүлдегерлер ҚР Туризм және спорт министрлігінің кубогымен, медальдарымен және дипломдарымен марапатталуда.

Жарыстың басты мақсаты — ел құрамасының болашақ үміткерлерін анықтау және халықаралық жарыстарға дайындықты арттыру.

Жарысты алғаш болып грек-рим күресінің шеберлері боз кілемге көтерілді. Спортшылар 10 салмақ дәрежесі бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлерді анықтады. Айта кетсек, Шымкент қаласының палуандары күрестің бұл түрінен 5 алтын, 2 күміс, 1 қола медаль жеңіп алды. Олар:

Мейіржан Шермахамбет, 67 келі

Әділхан Сатаев, 72 келі

Омар Сатаев, 82 келі

Ильяс Гучигов, 97 келі

Әлімхан Сыздықов, 130 келі

Илимдор Сатаев, 87 келі

Джохар Узаров, 130 келі

Самандар Мадаминов, 60 келі

Ертең әйелдер бозкілемде кім мықтыны анықтайды. Кубокты еркін күрес шеберлері қорытындылайды.

 

Оқылды 110 рет