Жұма, 08 Қараша 2024 10:28

Шымкенттік спортшы АҚШ-тан жүлдемен оралды

Шымкенттік дзюдошы Самат Сапишев қола жүлдегер атанды.

Лас-Вегаста (АҚШ) дзюдодан шеберлер арасында әлем чемпионаты мәресіне жетті. Әлемнің 67 елінен 1132 шебер қатысқан біріншілікте қазақстандық спортшылар 6 алтын, 5 күміс және 7 қола жүлде жеңіп алды. Осылайша, Қазақстандық шеберлерден құралған команда медаль кестесінде 4-ші орынға жайғасты. Құрама сапында өнер көрсеткен Самат Сапишев Шымкент қалалық №10 күрес түрлерінен олимпиада резервінің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебі дзюдо бөлімінің аға-жаттықтырушысы, Шымкент қаласының дзюдодан жастар арасында аға-жаттықтырушысы болып істейді. 

Қазақстандық жеңімпаздар мен жүлдегерлер тізімі:

Алтын медаль иегерлері:

Нұрлан Үсенов (66 кг)

Мейрамбек Есмағамбетов (-60 кг)

Бекзат Манаспаев (-81 кг)

Ерлан Омаров (-90 кг)

Қанат Мамбетов (-90 кг)

Бостан Жаңбырбаев (-90 кг)

Күміс медаль иегерлері:

Нұрлыхан Сүйінбай (+100 кг)

Авазбек Қорғанов (-90 кг)

Келбет Нұрғазина (-52 кг)

Даурен Кожин (60 кг)

Арман Абеуов (+100 кг)

Қола медаль иегерлері:

Самат Сапишев (-66 кг)

Айдынбек Малкей (81 кг)

Азамат Мукашов (73 кг)

Заури Дабалов (-100 кг)

Қайрат Бурбасов (60 кг)

Рахат Искаков (-73 кг)

Фархад Рузукулов (-100 кг)

 

Оқылды 39 рет