Дүйсенбі, 28 Қазан 2024 00:32

Шымкенттік спортшылар Грецияда өткен әлем чемпионатында 6 алтын медаль жеңіп алды

 "Шымкент қаласының жоғары спорт шеберлігі мектебінің" джитсерлері Грекияның Ираклион қаласында өткен JIU-JITSU WORLD CHAMPIONSHIP 2024 әлем чемпионатында 6 алтын және 2 күміс, 2 қола медаль жеңіп алды. Чемпионатқа әлемнің 56-дан астам елінен 2035 спортшы қатысты, олардың арасында Қазақстан құрамасының өкілдері өз шеберліктерін сәтті көрсетті. 

Джиу-джитсудан ересектер мен әйелдер арасында Әлем чемпионатында спортшыларымыз жеңіс тұғырынан көрініп, әнұранымызды 6 рет шырқатты.

«Шымкент қаласының жоғары спорт шеберлігі мектебінің» джитсерлері өздерінің салмақ және жас санаттарында мықты бола отырып, жоғары нәтижелерге қол жеткізді. Әлемнің түкпір-түкпірінен келген спортшылар арасында бәсекелестік жоғары болды, бірақ табандылық пен шеберліктің арқасында біздің спортшылар құрметті орындарға ие болды.

????Contact-system????

1 орын - Абишев Бекболат 69 кг

1 орын - Таджибаев Нурбек 77 кг

1 орын - Тоқтыбаев Талант 85 кг

1 орын - Мырзабеков Багдаулет 94 кг

1 орын - Шукурова Роза 45 кг

1 орын - Ахмет Кымбат 48 кг

2 орын- Жүніс Түймегүл 48 кг

3 орын -Катбаев Галымжан 85 кг

????Fighting-system????

2 орын - Шукурова Роза 45 кг

3 орын -   Катбаев Галымжан 85 кг

Жаттықтырушылар: Оралбеков Бауыржан, Сыздықбаев Бауыржан. 

Айта кетейік, халықаралық жекпе-жек қауымдастығы Қазақстанды джиу-джитсуды дамытудағы жетекші елдердің бірі деп таныды. Республикада 10 мыңнан астам стиль ізбасарлары мен ондаған Әлем чемпиондары бар.

 

Оқылды 88 рет