Сейсенбі, 03 Желтоқсан 2024 14:35

Шымкентте спорт саласы қарқынды дамып келеді

Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында «Шымкент қаласы бойынша дене шынықтыру және спорт басқармасының 2024 жылдың 10 айында атқарған жұмысының қорытындысы туралы» тақырыбында баспасөз конференциясы өтті.

 

Шымкент қаласының спортшылары бүгінгі таңда республикалық және халықаралық жарыстарда жоғары нәтижелер көрсетіп, 2144 жүлделі орынға ие болды.

 

• Қазақстан чемпионаттары: 668 алтын, 557 күміс, 669 қола медаль;

• Азия чемпионаттары: 68 алтын, 60 күміс, 39 қола медаль;

• Әлем чемпионаттары: 32 алтын, 25 күміс, 16 қола медаль.

 

Қаланың спорттық жетістіктерін қамтамасыз еткен кәсіби мамандар:

• 2 ҚР еңбегі сіңген жаттықтырушы;

• 15 халықаралық дәрежедегі спорт шебері;

• 83 ҚР спорт шебері;

• 614 спорт шеберлігіне үміткер спортшылар.

 

Қазақстанның Ұлттық құрамасында Шымкенттен 1284 спортшы ел намысын қорғауда:

• Ересектер құрамасы – 423 спортшы;

• Жастар құрамасы – 461 спортшы;

• Жасөспірімдер құрамасы – 400 спортшы.

 

Қыркүйек айында Астана қаласында өткен Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында Шымкенттен 18 спортшы 10 спорт түрінен қатысып, 16 жүлделі орынға ие болды:

• 7 алтын;

• 5 күміс;

• 4 қола медаль.

 

Бокстан жастар арасында Санжар-Әли Бегалиев 75 келі салмақта жеңімпаз атанды.

• Дзюдодан жастар арасында Талғат Орынбасар қола жүлдеге ие болды.

• Тоғызқұмалақтан ересектер арасында Ғалымжан Темірбаев пен Салтанат Сапарбекова топ жарды.

• Мангала ойынынан Қуанышбекова Айгерім 1 алтын және 2 қола медаль жеңіп алды.

• «Қазақстан барысы» турнирінде Ерсұлтан Мұзаппаров күміс жүлде иеленді.

 

Шымкент спортшыларының бұл жетістіктері қалада спорттың қарқынды дамып келе жатқанын дәлелдеп, жас буынға үлгі болуда.

Шымкент қаласында спорт саласы белсенді түрде дамып келеді. Бүгінгі таңда қалада 33 спорттық ұйым жұмыс істеп, спорттың 73 түрін дамытуда. Оның ішінде:

• 36 олимпиадалық спорт түрі,

• 27 олимпиадалық емес спорт түрі,

• 10 ұлттық спорт түрі бар.

 

Аталған ұйымдарда 18 490 спортшыны дайындау үшін 912 жаттықтырушы оқу-жаттығу сабақтарын өткізуде.

 

Қала әкімдігінің 2021-2025 жылдарға арналған даму жоспарының нысаналы индикаторлар тізбесінде спорт саласының 4 көрсеткіші бекітілген.

1. Халықтың спортпен айналысу үлесі

2023 жылдың қорытындысы бойынша, дене шынықтыру және спортпен жүйелі түрде айналысатын азаматтар саны 513 954 адамды немесе жалпы халықтың 42,2%-ын құрады. 2025 жылға қарай бұл көрсеткішті 50%-ға жеткізу көзделген.

2. Спорттық инфрақұрылыммен қамтамасыз етілу деңгейі

Қалада 1000 адамға шаққандағы спорттық инфрақұрылымның қамтамасыз етілуі 52,3% (45 566 м²) болды.

3. Ерекше қажеттіліктері бар азаматтардың спортқа тартылуы

Шымкентте дене шынықтырумен айналысуға қарсы көрсетілімі жоқ мүмкіндігі шектеулі 15 644 адам бар. Оның ішінде, 2 798 адам немесе 14,9%-ы спортпен жүйелі түрде шұғылдануда.

 

Спорт саласындағы бұл жетістіктер қаланың әлеуметтік және физикалық денсаулық деңгейін жақсартуға бағытталған жұмыстардың табысты іске асып жатқанын көрсетеді.

Шымкент қаласында балалар мен жасөспірімдерді спортқа тарту үшін мемлекеттік спорттық тапсырыс табысты жүзеге асырылуда. Мемлекеттік спорттық тапсырыс бойынша ағымдағы жылы 18 спорт түрі бойынша 19 073 баланы спорттық секциямен қамтамасыз ету үшін 2 866,2 млн.теңге қаралған. Бүгінгі уақытта, 120 мердігер жұмыс жасауда.

 

Олар балаларды келесі спорт түрлерімен қамтып отыр:

• 15 олимпиадалық спорт түрі (баскетбол, бокс, еркін күрес, грек-рим күресі, волейбол, көркем гимнастика, дзюдо, каратэ, таэквондо, жеңіл атлетика, теннис, үстел теннисі, футбол, жүзу);

• 2 олимпиадалық емес спорт түрі (футзал, шахмат);

• 1 ұлттық спорт түрі (қазақ күресі).

 

Келесі жылы мемлекеттік спорттық тапсырысты жүзеге асыруға 3 909,0 млн теңге бағыттау көзделіп отыр. Бұл қаржыландыру спорттық секцияларға қамтылған балалар санын арттыруға және жаңа мүмкіндіктер ашуға мүмкіндік береді.

 

Шымкент қаласында мемлекеттік спорттық тапсырыс бойынша секцияларға кезекке жазылу мен ваучер беру тұрақты түрде жүргізілуде. Бұл жүйе ата-аналар мен балаларға спорттық үйірмелерді таңдауды жеңілдетіп, олардың қолжетімділігін арттырады.

 

Оқылды 57 рет