2011 жылы туылғандар және одан кіші спортшылар арасында өткен жарысқа Астана, Алматы, Шымкент қалалары мен еліміздің облыстарынан келген спортшылар командалық есепте, жеке, жұптық, аралас разрядтарда бақ сынасты.
Шымкент қаласының спортшылары бұл чемпионатта керемет ойын көрсетіп, жүлделі орындарға ие болды !
Жалпы есеппен Шымкент қаласының спортшылары 3 алтын, 3 күміс, 2 қола медальдарыы қанжығасына байлады.
Жаттықтырушылар жас теннисшілердің ойындарын мұқият қарап, бізде мықты жаңа буындар өсіп келеді - деген ортақ пікірге келді.
Сондай-ақ, аталмыш жарыста Шымкент қаласының ұлдар командасы 1 орынды иеленді.
Атап өтсек:
1.Жұмағұл Марлен
2.Жұмағұл Абай
3.Сұлтанмұратов Игиталі
4.Ералхан Дулат
5.Сатмахан Сауранның жақсы ойындары алтыннан алқа тағынуға септік тигізді.
Ұлдар арасындағы жұптық ойында:
1 орын - Жұмағұл Марлен / Жұмағұл Абай (Шымкент)
2 орын - Сұлтанмұратов Игиталі/Ералхан Дулат (Шымкент)
Қыздар арасындағы жұптық ойында:
2 орын - Камилжанова Ойдин/ Агалакова Елизавета (Шымкент/Астана)
Аралас разрядта:
1 орын - Жұмағұл Марлен /Бекмұханбетова Жания (Шымкент/Костанай)
2 орын - Камилжанова Ойдин /Яковлев Олег/(Шымкент/Қарағанды)
Жеке разрядта:
3 орын - Жұмағұл Марлен
3 орын - Камилжанова Ойдин
Жаттықтырушы өкілдері:
Оразбаев Ердаулет, Оразбаев Нұрлан, Рахметова Фарида,
(аға жаттықтырушы: Жамал Бекұлан).