Ашылу салтанатында Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Сарсен Құранбек қатысушыларға сәттілік тілеп, турнирдің жоғары деңгейде өтуіне тілектестік білдірді. Сонымен қатар, «Qazaq Kuresi» ассоциациясының бас директоры Дамир Бекбосынов бұл халықаралық турнирдің қазақ күресін әлемдік аренада кеңінен танытуға елеулі үлес қосатынын атап өтті.
Турнирге Грузия, Тәжікстан, Қытай, Моңғолия, Польша, Әзірбайжан, Үндістан және Өзбекстан елдерінен келген 300-ден астам балуан қатысып, еліміздің барлық өңірлерінен келген спортшылармен бірге 8 салмақ дәрежесінде өзара күш сынасады.