Дүйсенбі, 09 Желтоқсан 2024 12:50

Қазақстан Республикасының чемпионатында шымкентік спортшылар топ жарды

Ақтауда бокстан жастар арасында Ел чемпионаты аяқталды. Бұл Ел чемпионаты жас спортшыларға 2025 жылға іріктелетін маңызды дода болды.

Ақтау қаласында 2007-2008 жылы туған жастар арасында Қазақстан Республикасының бокстан чемпионаты өтті. Іс-шара еліміздің 17 облысынан және 3 қаласынан 300-ге жуық спортшының басын қосып, 14 салмақ дәрежесі бойынша үздіктерді анықтады.

Шымкент қаласынан аталған чемпионатқа 20 жас боксшы қатысып үш алтын, екі күміс, 5 қола медальмен көшбастады.

1-орын Қожамжаров Бексұлтан/48кг.

1-орын Бахадур Алдияр/54кг.

1-орын Бердалы Жасұлан/75кг.

2-орын Нұрымбетов Біржан/51кг.

2-орын Саит Ердаулет/60кг.

3-орын Жақпеков Мағжан/57кг.

3-орын Тәжібай Бейбарыс/67кг.

3-орын Айтбай Самат/80 кг.

3-орын Өтебеков Жалғас/86кг.

3-орын Махметәлі Мұқағали/92кг

Чемпионатқа Шымкент жастар құрамасының аға бапкері ХДСШ Берік Серікбаев бастап барды.

Бұл чемпионаттың маңыздылығы да жоғары, себебі жеңімпаздар 2025 жылғы Азия чемпионатына және жастар арасындағы Олимпиада ойындарына жолдама алу мүмкіндігіне ие болады. Жарыс барысында төрешілерге арналған арнайы семинар өткізіліп, әділ төрелік етуге 40-қа жуық төреші қатысты.

Оқылды 12 рет