Биылғы маусымның ашық алаң ойындарын қалалық мәслихат төрағасы Ғаппар Сәрсенбаев пен Қалалық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Кадырболат Мұсағалиев ашып берді.
Жарысқа 5 жастан 50 жасқа дейінгі түрлі жастағы қала тұрғындары қатыса алады. Биылғы ойындарға 200-ге жуық адам тартылып, спорт түрлері бойынша жарыстар ұйымдастырылды. Атап айтқанда, қазақ күресі, асық ату, арқан тарту, тоғызқұмалақ, ләңгі тебу сынды ұлттық спорт түрлерімен қатар, заманауи белсенді ойындар да қатысушылар назарына ұсынылады.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай жарыстар бұқаралық спортқа деген қызығушылықты арттырып қана қоймай, әр жастағы тұрғындарды салауатты өмір салтын ұстануға ынталандырады. Ашық алаң ойындары жаз мезгілінің соңына дейін жалғасады.
«WWW.AQ-QARA.KZ» - ақпарат