Сейсенбі, 15 Шілде 2025 16:47

Шымкенттік жеңіл атлеттер жарап тұр!

10-12 шілде күндері Алматы облысындағы Олимпиадалық даярлау орталығының базасында жеңіл атлетикадан Қазақстан Республикасының XXXIV жазғы чемпионаты өтті. 

 

Аталған додаға еліміздің 19 өңірінен 269 спортшы (165 ер, 104 әйел) қатысты. Арасында Шымкент қалалық №2 ОРМБЖС3 спортшылары да бар.  3 күнге созылған жарыста шымкенттік спортшылар тамаша нәтижелермен көзге түсті! 

 

1-орынды 3 спортшы иеленді. Олар: 

1. Егізбай Жарылқасын – Спорттық жүріс 20 км – 1:40:13.05

Жаттықтырушы: Камилжанов А.

2. Люцко Анатолий – Биіктікке секіру – 2.02 м

Жаттықтырушылар: Редько К.А., Шпаков Г.Г.

3. Құралбай Ақбілек – 3000 м кедергілермен жүгіру – 11:08.88

Жаттықтырушылар: Сұлтанов Н.А., Абдукаюмов А.

 

 2-орынды  4 спортшы місе тұтты. Олар:

1. Камилжанов Азизхан – Спорттық жүріс 20 км – 1:41:13.05

Жаттықтырушы: Сұлтанов Н.А.

2. Ишметов Руслан – Онсайыс – 5896 ұпай

Жаттықтырушылар: Редько К.А., Шпаков Г.Г.

3. Құралбай Ақбілек – 1500 м – 4:44.24

Жаттықтырушылар: Сұлтанов Н.А., Абдукаюмов А.

4. Ерматова Томирис – Балға лақтыру – 46.55 м

Жаттықтырушы: Инкина Н.С.

 

 3-орыннан 2 спортшы көрінді. Олар: 

1. Гончаров Богдан – 110 м кедергілер арқылы жүгіру – 14.40

ҚР Спорт шебері нормативін орындады

Жаттықтырушылар: Мосеев Д., Мосеева Б., Пудовинников А.

2. Полтинова Ангелина – Жетісайыс – 3793 ұпай

Жаттықтырушылар: Мосеев Д., Мосеева Б., Пудовинников А.

 

aq-qara.kz анықтамасы:

Жеңіл атлетика, спорттың ең көп тараған түрі. Оған әр түрлі қашықтықта жүгіру мен жүру, ұзындық пен биіктікке секіру, спорттық снарядтарды лақтыру, жеңіл атлетикалық көпсайыстар енеді. Жеңіл атлетикалық жарыстар ашық және жабық (манеж) алаңдарда өтетін жеке, командалық және эстафеталық жарыстар болып бөлінеді.Қазақстанда алғашқы ресми жеңіл атлетикалық жарыс — Бүкілқазақстандық 1-спартакиада 1928 жылы Петропавл қаласында өтті. Республикада жеңіл атлетикадан тұңғыш рет КСРО-ның спорт шебері атағын Ш.Бекбаев алды (1943).

 

Оқылды 112 рет