Сейсенбі, 09 Қыркүйек 2025 21:49

Дүниежүзілік тоғызқұмалақ күніне орай флешмоб өтті

Шымкентте 9 қыркүйек «Дүниежүзілік тоғызқұмалақ күніне» орай онлайн және оффлайн форматта тоғызқұмалақ ойнау флешмобы өтті. Бұл мерекеге еліміздің барлық өңірі бірдей қатысып отыр. Шараның мақсаты – тоғызқұмалақты елімізде және әлемде кеңінен насихаттау және дамыту. Сондай-ақ, биылғы ұлттық зияткерлік ойын флешмобы ұлы Абайдың 180 жылдығына орайластырылған.

Флешмобтың алғашқы жүрісі дәл тоғыз сағат тоғыз минутта басталды. Ұлттық ойынды қолдауға арналған шараға мегаполистің спорт басқармасына қарасты спорт мектептің басшылары мен орынбасарылары келген. Сондай-ақ, қала бойынша тоғызқұмалақ тақтасы бар барлық жоғарғы оқу орындарының студенттері, мектеп оқушылары және ұлттық ойынға қызығушылық танытатындар қатысты.

 

"Бүкіл Қазақсатан бойы 9 қыркүйек сағат 9:09 да тоғызқұмалақ ойыны басталып кетті. Шымкент қаласында 2000 мыңға жуық оқуышы ойын ойнады. Және де екі спорт мектебінде, және барлық спорт мектеп басшылары, басқарма, федерация басшылығы осы жерге келіп тоғызқұмалақ күнін тойлаудамыз. 2021 жылдан бастап Дүниежүзілік Тоғызқұмалақ қауымдастығы осы 9 қыркүйекті «Тоғызқұмалақ күні» деп бекіткен болатын. 2020 жылдан бастап, 5 жыл бойы Юнесконың материалды емес құндылықтарына жатады тоғызқұмалақ ойыны",-деп атап өтті Шымкент қаласы тоғызқұмалақ федерациясының басшысы Алмас Толықбай. 

 

Үшінші мегаполисте тоғызқұмалақ ойыны қарқынды дамып келеді. Қазіргі таңда Шымкентте ұлтық ойынға тұрақты түрде қатысатындардың саны 600-ге жеткен. Олардың ішінде 30-дан астам спорт шебері, 150-ге жуық спорт шеберлігіне үміткер бар.

 

"Осы ұлттық спорт түрлерінің ішінде тоғызқұмалақ олимпиалда ойын түрлерін теңестірілді. Соның аясында және осы ұлттық спортты насихаттау аясында, Абай Құнанбаевтың 180 жылдығына орайластырлған. Осы Дүниежүзілі Тоғызқұмалақ күні бүгінгі таңда осы флешмобы бастауын алды.  Тоғызқұмалақ ол ұлттық спорт үрінің интелектуалды ойыны. Бұл зерттелмеген, әлі де өзінің жүрісі, ережесі түбіріне жетпеген, өте көп ойды қажет ететін, ми қабілетін арттыратын спорт түрінің бірі",-деді Шымкент қаласы дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының міндетін атқарушысы Ермек Дәрменов. 

 

Бүгінде ұлттық зияткерлік ойынмен Қазақстан бойынша тұрақ түрде 200 мыңнан астам адам айналысады. Әлемнің ондаған елінде тоғызқұмалақ фередариялары құрылған. Ұлттық ойын түрін дәріптейтін іс-шаралар дәстүр бойынша жыл сайын жалғасын табады.

Оқылды 38 рет