Сенбі, 15 Маусым 2019 22:43

Түркістан облысы: Шардара ауданындағы ашық біріншілікте мықтылар анықталды

Маусым айының 13-15 күндері аралығындаШардара қаласында «Жастар жылы» аясында Түркістан облыстық №4 олимпиада резервінің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің ашылғанына 1 жыл толуына арналған Грэпплингтен UWW 2002-2003, 2004-2005 жылы туылған жасөспірімдер арасында Түркістан облыстық №4 ОРМБЖСМ ашық біріншілігі өтті. 

Алматы мен Шымкент қалаларының, Қызылорда мен Түркістан облыстарыныңтүкпір-түкпірінен Грэпплингтен UWW қас шебер палуандары жиналған сайыста боз кілемнің шаңын шығарып, сайыстың қызықты өтуіне себепші болған жерлестеріміз 7 алтын, 7 күміс, 7 қола алқаны қанжығаларына байлады. Атап айтар болсақ, 32 келіде бақ сынаған А.Сейсенбай, 35 келіде Р.Құдайберген, 38 келіде Ж.Жұма, 42 келіде Р.Нұрберген, 54 келіде Б.Сәрсенбай, 73 келіде Ұ.Мекенбай, +73 келіде Р.Жахан өз салмағында қарсылас шақ келтірмей, алтыннан алқа тақса, 29 келіде А.Жаңбырбай, 32 келіде М.Үсен, 42 келіде Ә.Абдрахан, 53 келіде С.Хамитұлы, 54 келіде А.Идирис, 76 келіде С.Донбай, +92 келіде Е.Жұматай сынды жерлестеріміз күміс олжалады. Ал 29 келіде Б.Құдайберген, 35 келіде Ә.Рысбай, 38 келіде Н.Нурманов, 42 келіде А.Сахибай, 69 келіде М.Бердібек, 73 келіде Н.Осман қоланы қанағат тұтты. 

Жалпыкомандалық есепте Шардара ауданы 1-орынға, Шымкент қаласы 2-орынға, Қызылорда облысы 3-орынға тұрақтады.

«AQ-QARA.kz»-ақпарат.

Оқылды 659 рет