Жексенбі, 17 Қараша 2019 08:16

Түркістан облысы: Сарыағаш ауданының оқушысы республикалық чемпионаттан жүлделі орынмен оралды

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің ұйымдастыруымен 2019 жылдың 4-15 қараша күндері аралығында Қостанай облысының Лисаковск қаласында 2004-2005 жылғы жасөспірімдер арасында баскетболдан Қазақстан Республикасы чемпионаты болып өтті. 

Аталған чемпионатқа Түркістан облысы бойынша 12 ауданнан жас спортшылар қатыстқан еді. Ал Сарыағаш ауданы атынан №3 М.Ломоносов атындағы жалпы орта білім беретін мектебінің 10-сынып оқушысы Мұхаммед Мұхаммедаминұлы қатысып, облыс намысын қорғап, командалық есеп бойынша топ жарып, І орынды жеңіп алды. Республикалық спорттық жарыста облыс пен ауданның намысын қатар қорғап, жүлделі орынға ие болған оқушыға «Талабыңа нұр жаусын» деп, үлкен алғыс білдіргіміз келеді. Алдағы уақытта да толағай жетістіктер жете бергей! Мұхаммедтің бұл жеңісі сыныптастары мен күллі мектеп оқушыларына да қуаныш сыйлап, олардың да баскетбол ойынына деген ынта-ықыластарын арттырып отыр.  

«AQ-QARA.KZ»-ақпарат.

Оқылды 619 рет