Дүйсенбі, 11 Қараша 2019 22:13

Түркістан: Төлеби ауданында «ALMA-TAU» спорт академиясы ашылды

Табиғатымен ерекшелінген Төлеби ауданында халықаралық стандарттарға сай «Алма-тау» спорт академиясы ашылды. Заманауи құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген бұл спорттық база Қазақстандағы АИВА-дан кейінгі орында саналады.

Еліміздің спортының дамуына сүбелі үлесі бар Түркістан облысы Елбасы Жарлығынан соң жаңаша келбетте спорт нысандарымен ерекше дамыйтын болады. Соның бір айғағы, Төлеби ауданында әлемдік аренадағы «Алматау» спорт академиясы ашылды. Волейбол, баскетбол және ауыр атлетикаға арналған замануи үлгідегі спорт кешені спортшы ұл-қыздардың оқу-жаттығу жиындарын өткізуге жол ашады. Токио олимпиадасы қарсаңында мұндай халықаралық спорт академиясы жерлестерімізді жетістіктерге жетелейді,- деді Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев. Ал, ауыр атлетикадан еліміздің атақты спортшысы Илья Илин қазақстандықтардың түрлі әлемдік жарыстарда ел намысын қорғауда мұндай спорт кешендерінің көптеп салынуын жақсылыққа балады.

Спорт академиясының ашылуына арнайы қатысқан бокстан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкерінің кеңесшісі Мырзағали Айтжанов пен ауыр атлетикадан ұлттық құраманың бас бапкері болған Алексей Ни ел игілігіне берілген спорт кешенді еліміздегі спорт ірі орталықтардың бірі екендігін айтты. Туған елдің өркендеуіне өз үлесін қосуды перзенттік парызы санаған Шыңғыс Дүйсебеков кәсіби спортшыларға арналған бұл спорт академиясын салуға ықпал жасапты.

Түркістан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Полат Қырықбаев өңір спортының көркеюіне осындай спорт кешендері үлес қосатындығын айтты. Ал, Төлеби ауданының әкімі Бауыржан Омарбеков алдағы кезде жекеменшік әріптестік аясында бірқатар спорт кешендері бой түзейтіндігін жеткізді. Осылайша, ел спортының қарқынды дамуына үлес қосып келе іскер азаматтар туған жердің өркендеуіне де атсалысуда.

«AQ-QARA-KZ» - ақпарат»

Оқылды 770 рет