Сәрсенбі, 20 Қараша 2019 21:32

Түркістан облысы: Отырар ауданындағы дүбірлі көкпарда сайрамдықтар жеңімпаз атанды

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың "Ұлы даланың жеті қыры" атты мақаласы және "Жастар жылы" аясында Отырар ауданында жастар арасында командалық көкпардан «Отырар ауданы әкімінің жүлдесі» үшін облыстық ашық турнир өтті. 

Атадан балаға мирас болған көкпар ойыны халқымыздың төл мәдениеті мен өнерін ұлықтайтын аламанда жалындаған жастар бар күш қайраттарын көрсетті. Қызу тартысты өткен ойынның нәтижесінде жергілікті Отырар ауданының құрамасы 3-орынды қанағат тұтса, Қазығұрт ауданының құрамасы 2-орыннан көрінді. Елдігімізді танытып, тұлпар киесі сынға түскен бәсекеде жүзден жүйрік шыққан сәйгүлік иелері мен тақымы тастай Сайрам ауданынан келген шабандоздар 1-орынды иеленді.

Айта өтейік, көкпар жігіттердің күш-жігерін, төзімділігін, батылдығы мен ептілігін, ат үстінде мығым отыруын қалыптастырады. Сонымен қатар көкпар – аттың қалай бапталып үйретілгенін, жүйріктігін де сынайтын спорт. Көкпар жаппай және дода тартыс болып екіге бөлінеді. Жаппай тартыста әркім көкпарды өзі иелік етуге тырысады. Дода тартыста құрамы бірдей екі топ сынға түседі. Мұны кейде марта тарту деп те атайды.

«AQ-QARA.KZ»-ақпарат.

Оқылды 969 рет