Сейсенбі, 12 Қараша 2019 05:55

Мақтааралда бокстан қыздар арасында халықаралық турнир өтті

Мақтаарал ауданында жастар жылына арналған "Аудан әкімінің кубогы" үшін бокстан 2001-2002, 2003-2004 жылдары туылған қыздар және жасөспірім қыздар арасында халықаралық турнир өтті.

Аудан әкімі Бақыт Асанов, аудандық мәслихаттың хатшысы Қадір Сәрсекбаевтар қатысқан жарыстың ашылу салтанатының басты қонақтары бокстан Афина Олимпиадасының чемпионы Бақтияр Артаев және Азия чемпионы Нұржан Сманов болды. Бес күнге созылған былғары қолғап шеберлері арасындағы дүбірлі дода өте тартысты өтіп, көрермендердің көңілінен шықты.

Өзбекстан, Қырғызстан Республикаларынан және Шығыс Қазақстан облысы, Қызылорда облысы, Атырау облысы, Алматы облысымен Алматы қаласы, Жамбыл облысы, сондай-ақ Түркістан облысының бірнеше аудандарынан қатысқан ондаған командалардың шын мықтыларын анықтау барысында төрешілер мен ұйымдастырушылар біраз тер төкті. Турнирдің нәтижесі бойынша ІІІ орынды Түркістан облысы, Шардара ауданының құрамасы еншіледі. Сондай-ақ, ІІ орынды Қызылорда облысының құрамасы иеленсе, жүлдеді І орынды ҚР-ның құрама командасы жеңіп алды. Айта кетейік, жеңімпаз спортшылар мен командалар аудан әкімінің арнайы дипломдарымен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

«AQ-QARA-KZ» - ақпарат»

Оқылды 740 рет