Сәрсенбі, 13 Қараша 2019 18:16

Түркістан облысы: «Мақтаарал барыстары» жеңімпаз

«Мақтаарал барыстары» құрамасы баскетболдан өткен облыстық турнирде топ жарды. Аталмыш шара Төлебидегі спорт кешенінің ашылуына орай адами әлеуетті дамыту орталығының ұйымдастыруымен 2003–2004 жылғы мектеп оқушыларының арасында ұйымдастырылған болатын. Күміс жүлде иегерлерін аудан әкімі Бақыт Асанов құтықтап,арнайы марапаттады. 

Баскетболдан өткен облыстық турнирде жүлделі екінші орыннан көрінген «Мақтаарал барыстары» құрамасы Мырзакент, Абылайхан, Пушкин мектептерінің оқушыларынан жасақталған. Мұндағы спортшылардың бәрі салауатты өмір салтын ұстанады. Білім мекемелеріндегі спорттық үйірме жұмысының нәтижесінде аудан оқушыларының 40 пайызы спортқа тартылған.

«НегізгіқұрамдағыбесбаламызҚазақстанчемпионатындажүр. Ел чемпионатында облыстың намысын қорғап жүр. Барлық жарыста финалда ойнаймызәрдайым. Кешегі қарашаның 6-10 аралығында 2006-2007 жылдары туылған жасөспірімдар арасында облыс чемпионы болып қайттық» - дейді жаттықтырушы Нұрлан Катешов.

Ал аудандық білім бөлімінің басшысы Мұратбек Серікбаев: «Оның ішінде теннис бар, кіші футбол бар, воллейбол бар, жалпы осы үйірме жұмыстары жұмыс істейді 56 мектепте. Бұл жастарды нашақорлықтан аулақтатып, қылмыстың алдын алуды мақсат тұтады. Жалпы спортпен шұғылданған адамның денсаулығы дұрыс болады ғой, тәртібі де дұрыс болады, оқуыда дұрыс болады, сондықтан жастарды баулу жұмысы жалғасын табады» - деді.

Аудан әкімі Бақыт Асанов аймақтың абыройын асқақтатқан команда мүшелерімен кездесіп, алғыс хат табыс етті. Қол жеткен табысқа марқайып, осымен тоқтап қалмай, баянды жеңіске жетуге шақырды.

«AQ-QARA.KZ»-ақпарат.

Оқылды 589 рет