Бейсенбі, 14 Қараша 2019 18:22

Түркістан құрама командасы Ақтөбеде өткен ұлттық спорт сайысынан жеңіске жетті

Ақтөбе қаласында қазақтың ұлттық спорт түрлерінен өткен фестиваль өз мәресіне жетті. 4 жылда бір өтетін спорт додасында жалпыкомандалық есепте жеңіске жеткен Түркістан облысының спортшылары бірінші орынды қанжығаға байлады.

Екінші орынды Нұр - Сұлтан қаласының командасы қоржынына салса, жүлделі үштік алаң иелеріне бұйырғанын айта кетейік. Айтулы додаға еліміздің барлық аймағынан жиналған 800-ге жуық спортшы қатысты. Олар спорттың 12 түрінен бақ сынасты. Атап айтқанда, аламан бәйге, құнан бәйге, көкпар, аударыспақ, теңге ілу, жамбы ату, асық ату, қазақ күресі, құсбегілік, тоғызқұмалақ, жекпе-жек сынды ұлттық спорт түрлерінен тартысты.

Бәсекеде Тұран даласының намысын 70-ке жуық спортшы қорғады. Ал, қорытынды есеп бойынша Түркістан облысының спортшылары бес спорт түрі бойынша үздік деп танылып, жеңіс тұғырынан көрінді. Спорттық сайыс 10 күн бойы жалғасқан болатын.

«AQ-QARA-KZ» - ақпарат»

Оқылды 669 рет