Бұрын шалғайдағы аудан болып есептелген Түркістанда теннис корты мүлде болмаған. Сондықтан бұл қаланың тұрғындары Шымкентке барып жаттығатын. Қазіргі жағдай – болашақ теннисшілер үшін үлкен мүмкіндік.
Түркістанда теннис корттарының саны күн өткен сайын артып келеді. Ендігі мақсат: шәкір тәрбиелейтін нұсқаушыларды даярлау. Ол үшін тәжірибе алмасу семинарларын өткізіп тұрған жөн. Түркістандағы барлық мектептердің денешынықтыру пәні мұғалімдері арнайы шақыртылып, тәжірибе алмасты.
«Теннис корты кешені салынады. Қазір облыста 30-дан аса теннис үйірмесі бар. Біздің мақсатымыз - облыста тенннис спортын дамыту.Серік Көшеров деген қазақстанға белгілі жаттықтырушымыз бар. Сол кісі семинар өткізіп жатыр. Сонымен қатар әрбір мектепте теннисті үйретуді қолға алып жатырмыз. Денешынықтыру пәндерінің мұғалімдерін жинап дәріс беріп жатырмыз» - дейді Түркістан облыстық денешынықтыру және спорт басқармасының басшысы Полат Қырықбаев. Ал теннистен Түркістан облысының аға жаттықтырушысы Серік Көшеров «Бүгінгі күнде Түркістанда осындай 6 теннис корты бар. Жабық корт салынған жоқ әлі. 2020 жылға салынады деп жоспарланып жатыр. Енді алдағы бір жыл-екі жылда толық салынады» - деген сенімде.
Бүгінге дейінашылған теннис корттары спортшылар мен мектеп оқушыларының игілігі үшін қызмет етуде. Түркістандағы Қазыбек би көшесіндеашылған жаңаспорт кешенінің құрылысына 43 млн. теңге қаржы жұмсалған. Мұнда кіші футбол алаңы мен стрит воркаут жаттығу құралдары да бар.
«AQ-QARA.KZ»-ақпарат.