Тартысқа толы болған чемпионатта Кентау қаласының боксшылары чемпион атанып, жүлделі орындарды иеленді. Атап айтсақ: Бахтияр Анарбаев І орынға көтеріліп, 48 кг салмақта чемпион атанды. Ал Арсылан Жолдасбаев 52 кг салмақта чемпиондық тұғырға көтерілді. Умиджан Юлдашов 66 кг салмақ дәрежесінде ІІ орыннан көрінді. Жаттықтырушылары: Т.Жаулыбаев, Р.Шерметов, Қ.Төлепов.
Сондай-ақ осы чемпионатта облыстың ең үздік боксшысы деп кентаулық Бахтияр Анарбаев танылды. Жүлделі орын иеленген спортшыларды және ҚР Еңбек сіңірген спорт шебері Қ.Шағатаев басқарып отырған бокс мектебі ұжымын жеңістерімен қалай құттықтасақ та жарасады. Лайым осындай жеңісті жолдар жалғасын таба бергей!
«AQ-QARA.KZ»-ақпарат.