Бейсенбі, 14 Қараша 2019 18:48

Түркістан облысы: «Төлеби ойындары» ұйымдастырылды

Спорттың бірнеше түрін қамтыған «Төлеби ойындары» марафонға ұласты. Оған 18 бен 70 жас арасындағы желаяқтар қатысты. Олар жас ерекшеліктеріне қарай 4 топқа бөлініп, 42 шақырымды бағындырды. 

Бұқараны спортқа көптеп тартуды көздейтін байқау екінші жыл қатарынан өткізіліп келеді. Бұл жолғы жеңімпаздарды аудан әкімі Бауыржан Омарбековтің өзі арнайы құттықтады.

«Төлеби ойындарының» жалғасы ретінде өткен марафонға еңбектеген баладан еңкейген қарияға дейін қатысты. Тіпті мүмкіндігі шектеулі жандар да қалыс қалмады. Жас ерекшеліктеріне қарай төрт топқа бөлінген желаяқатр 5-10, 21 және 42 шақырымдық қашықтықты бағындырды. Мәре сызығын бірінші болып аттағандар арнайы сыйлық алды. «Бұндай шаралар ауыл жастарының бос уақытын тиімді өткізуге және қалың бұқараны спортқа тартуға негіз болады», -  дейді Төлеби аудандық денешынықтыру және спорт бөлімінің басшысыМадияр  Құрбаналиев. 

Дені сау ұлт бәсекеге қабілетті болады. Спорттың бұқаралық сипатын дамыту – мемлекетіміздің стратегиялық басым бағыттарының бірі. Осыны жіті түсінген төлебилік жастар cпорттың 10 түрінен өзара сынға түсті. «Төлеби ойындары» атты тақырыппен ұйымдастырылған байқау өте тартысты өтті.

Жарыс соңында жүлделі орын алған құрама командаға арнайыкубоктар табыс етілді. Жақсы ойын өрнегін көрсеткен ойыншылар түрлі дәрежедегі дипломдармен қаржылай сыйлықтар табыс етілді. Айта кетейік, спорттық шара жастардың шеберлік-деңгейін арттырып, салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында өткізіліп отыр.

«AQ-QARA.KZ»-ақпарат.

Оқылды 552 рет