Дүйсенбі, 18 Қараша 2019 22:08

Түркістанда қазақ күресінен республикалық турнир өтті

Түркістанда «Тайқазан» республикалық турнирі өтті. Сайыс көне қаланың құрметті азаматы, қазақ күресінен спорт шебері Ерқанат Тәңірбергеновты еске алуға арналды. Дүбірлі додаға еліміздің барлық облыстарынан 18 команда қатысты. 

  Байрақты бәсекені Түркістан қалалық денешынықтыру және спорт мектебі мен Әбдісалан Нұрмаханов атындағы спорт мектебі ұйымдастырды. Сайыс 1999 және 2001 жылы туылған жастар арасында өтті. Бағын сынауға 18 командадан 230 спортшы қатысты. Балуандар командалық есепте 5 салмақ дәрежесі бойынша мықтыны анықтады.

 «Тайқазан» турнирі дәстүрлі түрде өтіп келеді. Соңғы екі жылдан бері қазақ күресінен спорт шебері Ерқанат Тәңірбергеновты еске алуға арналуда. Бұл турнирдің басты мақсаты – қазақ күресін әлемдік деңгейге көтеру» - дейді ҚР еңбегі сіңген жаттықтырушы Әбдісадық Халилаев.

Командалық есепте бас жүлдеге тігілген бір миллион теңгені Түркістан облысының балуандары иеленді.  2-орында – Жамбыл облысының спортшылары. Олардың жүлдесі – 500 мың теңге. Ал жүлделі 3-орынды Алматы облысының палуандары иеленді.

«AQ-QARA.KZ»-ақпарат.

Оқылды 662 рет