Сәрсенбі, 04 Желтоқсан 2019 12:21

Желаяқтар Түркістан қаласына келіп жетті

Нұрсұлтан қаласынан жолға шыққан желаяқтар Түркістан қаласына келіп жетті. Естеріңізде болса Қарашаның 28-і күні 10 адамнан құрылған марафоншылар «Нұр-Сұлтан – Түркістан» бағытында жолға шыққан еді. Олар бір жарым мыңға жуық шақырым жолды бір аптада жүгіріп өтті.

Қайратты атлеттерден құрылған топ еліміздің бірнеше облысын басып өтіп,  Түркістан қаласына түскі уақыт шамасында "Парасат" саябағынан жүгіріп келді. Ақмола, Қарағанды және Қызылорда облыстарының елді мекендерін жүріп өтіп, халықпен кездесулер өткізген.  7 күн ішінде марафон жүгірушілері бір-біріне эстафетаны әр 10 шақырымда тапсырып, 1400 шақырым жүгіріп өткен. Тәуелсіздік күніне арналған марафон  Нұр-Сұлтан қаласы мен жаңадан құрылған Түркістан облысының спорттық-мәдени әлеуетін көтеруді көздейді. Марафонға атақты спортшылар, ультрамарафоншылар мен әуесқой жүгірушілер қатысты. Олардың ішінде    кәсіпкерлер мен құрылысшылар да бар. Марафоншылар Есімхан алаңында патриот жастармен жүздесіп, спорт саласындағы жетістіктерімен бөлісті.

«28 қарашадан  міне жоспар бойынша бүгін 4-ші желтоқсанда Түркістан қаласына келдік. Арақашықтық 1400 шақырым болды. Жолдан әртүрлі ауылдардан, райондардан өттік. Қызылорда, Жаңаарқа қаласын Қызылжұлдыз ауылдарды басып өттік. Түркістан қаласына рахмет айтамыз. Жаңадан шылып жатқан облыс орталығы көркейе берсін. Түркістан жайнай берсін» - дейді Астана желаяқ марафон клубының капитаны Дулат Иманқажы.

«AQ-QARA-KZ» - ақпарат»

Оқылды 951 рет