Жұма, 06 Желтоқсан 2019 22:13

Түркістан: Тұңғыш Президент күніне орай судьялар арасында шағын футболдан турнир ұйымдастырылды

Тұңғыш Президент күніне арналған игі шаралар легі әле де болса жалғасын табуда. Соның бірі ретінде Түркістан облыстық судьялар одағының үйымдастыруымен Қожа Ахмет Яссауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетінің спорт залында өткен шағын футбол турнирін айтуға болады.

Аталмыш бәсекеге Түркістан облысы мен Шымкент қаласының судьялары қатысқанын айта кеткен жөн. Фемида өкілдері бірнеше командаға бөлініп, өзара кім мықтыны анықтады.  Күнделікті жұмыспен жүріп, одан қалса сот залынан шығуға уақыттары бола бермейтін судьялар қауымы осылайша бір сәт жасыл алаңға шығып, ала доп теуіп, сергіп қалды десе де болады. 

Салауатты өмір салтын насихаттап, бұқаралық спорт түрлерін дамыту мақсатында ұйымдастырылған мұндай іс-шаралар алдағы уақытта да өз жалғасын табады, дейді жарыстың ұйымдастырушылары. Ал енді, турнир  қорытындысына келер болсақ, жеңімпаздарға ұйымдастырушылар тарапынан қомақты сыйлықтар және арнайы кубоктар мен алғыс хаттар тапсырылғанын айта кетейік. 

AQ-QARA-KZ» - ақпарат»

Оқылды 1293 рет