Сейсенбі, 26 Қараша 2019 23:38

Түркістан облысы: Келес ауданында спорт алаңы жаңартылып жатыр

Бүгін аудан әкімі Ақментай Есбаев аудан орталығы Абай ауылында құрылысы жүріп жатқан нысандарды аралап көрді. Аудандық мәслихат хатшысы, аудан әкімінің орынбасарлары және мердігер мекеме басшыларымен бірге құрылыстың барысымен танысып, сонымен қатар сапасына назар аударып, мерзімінде аяқтау бойынша тиісті тапсырмалар берілді. 

Сондай-ақ аудан басшысы спортпен шұғылданып жатқан жастардың жаттығуы барысымен де танысты. Жалпы, аудан орталығында «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында 25 нысанның құрылысы жоспарланған болса, соның бірі – Орталық алаң. 1969 жылы іргетасы қаланған спорт нысанының сыйымдылығы әу баста 500 адамға жоспарланған болса, бүгінгі таңдағы құрылыс жұмыстары аяқталған бойда 300 адамға қысқарады. Себебі заман талабына сай болуы үшін озық үлгідегі көрермендерге арналған орындық қойылып жатыр. Одан бөлек футболдың кіші түрімен шұғылдану мақсатында үсті жабылған алаң да құрылу үстінде.

«AQ-QARA.KZ»-ақпарат.

Оқылды 670 рет