Сейсенбі, 26 Қараша 2019 15:59

Түркістандық саңлақтарды шаһар басшысы марапаттады

Түркістан қаласының әкімі Рашид Аюпов рухани шаһардың спортын дамытуға елеулі үлес қосқан спортшылар мен бапкерлерді марапаттады. Олардың қатарында республикалық және әлемдік ареналарында топ жарған жас өрендер бар. 

Алғыс хатқа ие болғандардың осалы жоқ. Бәрі – ел атын шығарып, халықаралық бәйгеде оза шапқандар. Олардың ішінде дзюдошы Айдар Арапов, самбошы Молдаш Кемелбек, боксшы Бек Нұрмағанбеттер де бар. Кіл мықты спортшылар Түркістанның ғана емес, күллі қазақ елінің туын көкке желбіреткен. Марапат алып, марқайғандардың қатарында былғары қолғап шебері Әділжан Жандарбек пен волейболшы Нұрай Жұмағұл да болды. Олар жүрекжарды лебіздерін білдіріп, бапкерлері мен командадағы басқа да әріптестеріне рахметін жеткізді. Ер Бекзаттың ізін қуған сайыпқырандар киелі өңірдің төл перзенттерін үлгітұтып, жетістігімен шаһар мерейін әріқарайда асырмақ. Болашақта ел мақтанышына айналып, өзінен кейінгілерге үлгі болуды мақсат еткен. Қала әкімі Рашид Аюпов алдағы уақытта спорт аламанында жеңіс тұғырынан көріне беруіне тілекбілдірді.

 «AQ-QARA.KZ»-ақпарат.

Оқылды 898 рет