Сәрсенбі, 27 Қараша 2019 20:30

Түркістан облысы: Бәйдібек ауданында жастар арасында волейболдан жарыс ұйымдастырылды

Бәйдібек ауданы Ақбастау елді мекеніндегі Шоқан Уәлиханов атындағы жалпы орта мектебінде жастар арасында волейболдан жарыс өтті. Ұлы Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай ұйымдастырылған додаға 8 команда қатысып үздіктерін анықтады. Сондай-ақ күні кеше бокстан жастар арасында Түркістан облысының чемпионаты бастау алды. 

«Шараның мақсаты болашақ ұрпақты салауатты өмір салтына қалыптастыру» - дейді турнир ұйымдастырушылары. Жарысқа Бәйдібек ауданының ауыл округтерінен келген волейболшылар жарысты тартысты өткізді. Турнир қорытындысы бойынша бірінші орын тұғырынан «Жамбыл» командасы көрінді. Екінші орын «Көктерек» командасының еншісінде қалды.  Алүздікүштікті «Ақбастау» командасы қорытындылады. Жеңімпаздарға турнирге демеушілік жасаған «Домалақ ана» кесенесінің шырақшысы Сәттікүл Дәулетова «Алғыс хат» және жарыс жеңімпаздарына қаржылай сыйақы табыстады.

Бокстан жастар арасында бастау алған Түркістан облысының чемпионатына келсекдүбірлі додаға 70-ке жуық спортшы қатысуда. 2002-2003 жылы туған жасөспірімдер арасындағы облыстық турнирге 10 команда келді. 70-ке жуық спортшы 11 салмақ дәрежесі бойынша өзара кім мықтыны анықтайдыЖарыс жеңімпаздары 30 қараша күні белгілі болады.  

«AQ-QARA.KZ»-ақпарат.

Оқылды 732 рет