Бейсенбі, 28 Қараша 2019 22:38

Түркістан облысы: Қыздар арасында волейболдан мектеп лигасы басталды

Бүгін жалпы Түркістан облысы бойынша қыздар арасында волейболдан мектеп лигасы басталды. Шардаралық "Шағала" мен түркістандық "Қызғалдақ" командасының арасындағы алғашқы кездесу барысы халықаралық турнирдегідей қызу өтті. 

Тордың арғы беті мен бергі бетіндегі қос команданың допты бір-біріне беруі, шабуыл, блок қою секілді түрлі тәсілі түркістандық қыздарға алғашқы ойында жеңіс әкелсе, жарыстың екінші кезеңінде шардаралық қыздар айқын басымдықпен жеңіске жетті. Қорытынды кездесуде "Шағала" командасының озғаны белгілі болды. Жалпы, Түркістан облысы бойынша түрлі ойын түрлерінен арнайы командалар жасақталуда. Аудан және мектеп басшылықтары сапалы спорт формасын сатып алып, спорт залдарының материалдық құрал-жабдықтарын жаңартуға кірісті. Командалық спорт ең алдымен балаларды бірлікке және достыққа тәрбиелеумен қатар өз араларынан көшбасшыларды анықтауға мүмкіндік береді. Өзге оқушылар спортты үлгі тұтқан команда қатарына қосылуға асығатын болады.

Естеріңізде болса, бір ай бұрын Леңгір қаласындағы жаңа шынықтыру-сауықтыру кешенінде баскетболдан турнир өткен болатын. Бұдан бөлек жыл соңына дейін спорт саласында бірнеше мектеп лигасын өткізу жоспарланып отыр.

«AQ-QARA.KZ»-ақпарат.

Оқылды 659 рет