Үш күнге созылған жарысқа Республикамыздың барлық қалалары мен облыстарынан құрама командалар қатысып, алтынды көздеген палуандар , боз кілемнің шаңын шығарып, жарысты өз деңгейінде қызықты әрі тартысты өтуіне бар күш-жігерлерін салды.
Ел чемпионатында өз қарсыластарынан басым түсіп, алтыннан алқа таққан спортшыларды атап айтар болсақ ,
35 келі салмақта- І орын - Едіге Толеутаев (Алматы қаласы)
38 келі салмақта-І орын - Ибрагим Ербол ( Қ.Ахметова атындағы ОРРММК)
41 келі салмақта- І орын - Юсиф Алиев (Солтүстік Қазақстан облысы)
44 келі салмақта - І орын- Омар Дүйсенбек ( Түркістан облысы)
48 келі салмақта - І орын - Нұрқасым Өмірбек (Түркістан облысы)
52 келі салмақта - І орын - Әбдіқадір Серғазы (Түркістан облысы)
57 келі салмақта - І орын - Алмас Акимбаев (Республикалық спорттық колледжі)
62 келі салмақта - І орын - Дүйсемхан Нұрзат ( Алматы облысы)
68 келі салмақта - І орын - Санжар Сабитов (Қостанай облысы)
75 келі салмақта - І орын - Тұрсын Райымбек (Түркістан облысы)
85 келі салмақта - І орын - Ерасыл Жиенғазин (Ақтөбе облысы)
110 келі салмақта - І орын - Құсайнов Алихан (Қарағанды қаласы) сынды спортшылар жеңіс тұғырынан көрінсе, жарыстың үздік спортшысы Алматы қаласынан келген Едіге Төлеутаевқа бұйырды.
Командалық есепте:
І орын - Түркістан облысы
ІІ орын - Ақтөбе облысы
ІІІ орын - Алматы облысы құрамалары қанжығалады.
Барша жеңіс тұғырынан көрінген спортшылар және жаттықтырушылары, ұйымдастырушылар дайындаған медаль грамотамен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.