Сенбі, 14 Наурыз 2020 21:57

Шардара ауданында ұлттық ойындар дәріптелді

 

 

  Шардарада асық ату және бес асық ойындарынан мектеп лигасы өтті. Аталған жарысқа ауданға қарасты ауылдық округтерден келген мектеп командалары қатысты. Мұндағы басты мақсат - ұлттық құндылықтарды дәріптеу. Ал асық ату - көне заманнан келе жатқан қазақ xалқының төл дәстүрімен ұштасқан, қазақ баласының қанына біткен ұлттық ойыны.

   Ұлттық құндылықтар ұлықталған сайыс тартысты да қызықты өтті. Жарыста жүзден жүйрік атанғандар жеңіс тұғырынан көрінді.

   Алғашқы бес асық ойынында І-ші орынды "С. Құрманғазы" командасы иемденсе, ІІ-ші орынды "С. Кәттабеков" командасы иемденді. Ал "А. Иманов" командасы ІІІ-ші орынды қанжығаларына байлады.

  Асық ату бойынша І-ші орын С. Құрманғазы командасына бұйырса, С. Кәттабаев пен Ш.Уәлиханов мектеп командалары ІІ-ІІІ орындарды қанағат тұтты. Жарыс соңында жеңіске жеткен командалар марапатталды.

  Айта кету керек, бұл ойын мазмұны жағынан ұтыс ойыны тобына жатады. Қа­зір­гі ауыл және қала балаларының ойнап жүргені «асық ату» ойыны балалардың тез қимылдауын қалайды. Мергендігін арттырады, дәлдікке, есепке үйретеді.

  

 

Оқылды 954 рет