Аталған спорттық жарысқа Түркістан облысының намысын қорғау үшін Созақ ауданынан 16 спортшы қатысты. Жарыс нәтижесінде жеткіншектер арасында Оңалбай Алмас 53 келі салмақта 1-орын алса, 73 келі салмақта Мейрамбек Бекеш 2-орынға тұрақтады. Жасөспірімдер арасында Пашаханов Бақтияр 53 келі салмақта алтыннан алқа тақса, 58 келі салмақта бақ сынаған Ердос Рысбек күміс жүлде иеленді. Жастар арасында Сабыр Нұрсұлтан 63 келі салмақта және Ахмет Ерболат 78 келіден жоғары салмақта 1-орын иеленді. 68 келі салмақта өнер көрсеткен Асылжан Әбдінәби қола жүлде жеңіп алды.
Ал, ересектер арасында Қобыланды Орынбасаров 73 келі салмақта қарсылас шақ келтірмеді. Жалпы ересектер 5 алтынға қол жеткізді. Нәтижесінде созақтық білектілер туған жерге 5 алтын, 2 қола, 3 күміспен оралды.