Бейсенбі, 02 Сәуір 2020 11:59

Түркістан: «Шардара Армспорт» тарихымен әуеде де танысуға болады

Түркістан облысындағы шағалалы Шардара өңірі «Шардара Армспорт» спорт клубымен танымал. Білектілер клубын әлемге таныту үшін енді Қазақстанда ғана емес әлемнің бірқатар мемлекеттеріне әуе тасымалын жасайтын «Skat airlines» компаниясы әуе журналдарында жарнамалайды.

 Қазақстан Республикасының құрама сапында өнер көрсететін шардаралық спортшылар бүгінде мықтылығын әлемге  мойындатып келеді. Шекара таңдамайтын спорт арқылы жерлестерімізге әлем жұртшылығына дәл осылай танылуға жол ашылды.

 Компанияның ұшақтарына отырған кез келген жолаушы ауданның даңқты чемпиондары жайында оқып біле алады. Нақтырақ айтқанда, журналда  спорт клубтың негізін қалаған даңқты спортшы Арман Романұлы Қарсыбаев жайында, клуб жетістігі, клубтан тәрбиеленіп шыққан әлем чемпиондары туралы мағлұмат алуға болады.

Айта кетейік, «Shardara Arm» армрестлинг спорт клубы 2001 жылы құрылған. Қазіргі таңда онда 35 жаттықтырушы 700 баланы аталған спорт түріне баулып келеді. Бүгінге дейін спорт мектебінен 1800-ден астам спортшы түрлі деңгейдегі жүлделердің иесі атанған. Оның ішінде 48-і Әлем чемпионы, 39-ы Әлем чемпионатының жүлдегері, 26-сы Әлем кубыгының иегері, 144-і Азия чемпионы, 154 спортшы Азия чемпионатының жүлдегерлері.

 

Оқылды 1438 рет