Жексенбі, 03 Мамыр 2020 12:40

Шардаралық спортшылар жаттығуын тоқтатпайды

Еліміздегі төтенше жағдай жарияланған күннен бастап бір қатар мемлекеттік мекемелер уақытша жұмыстарын қашықтықтан жүргізуде. Солардың бірі Шардара аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімдері. Карантин режимінде білікті бапкерлер шәкірттерімен қашықтық арқылы жаттығу жұмыстарын жүргізуде.

Қиын қыстау кезеңінде бапкерлер спортшыларды қашықтықтан үйретіп, күні түні шәкірттерімен тығыз қарым-қатынас үстінде.

Спорт десе жанын беретін Шардаралық жас  спортшылар елімізде болып жатқан төтенше жағдай кезеңінде өз күш жігерлерін үй жағдайында пысықтауда. Дерт дендемеуі үшін өздерін оқшаулауға кіріскен. Алайда жаттығу залындағыдай емес. Әрқайсысы өз үйлерінде дене қимылын  қайталап жүргені жаттықтырушыларын қуантуда.Шардара ауданы бүгінде облысымызда чемпиондар шығаратын зауыт секілді. Екі мың он тоғызыншы жылы облыс бойынша бірінші орынға жайғасқан болатын. Ал әлемдік деңгейде қол күресі спорты бойынша үшінші орында.  Бұл баршаға мәлім. Нәтижені быйыл одан әрі жақсартуға болар еді. Алайда covit-19 індетінің салдарынан бұл іс кейінге қалып тұр.Мұндай кезеңде спортшылар тоқтап қалмауы тиіс дзю до, футбол, тоэквон до спортымен жаттығатын шәкірттер күніне үш-төрт мезгіл бапкерлерінің берген тапсырмаларын орындап алдағы спорттық жыйындарда босаңсымау үшін тыңғылықты жаттығу жұмыстарын жасап жүр.

 

«AQ-QARA.KZ»-ақпарат. 

 

Оқылды 1240 рет