Одан бөлек, Динамо спорт залында, кешенді жоғары спорт шеберлігі мектебінің залында, Ұлттық теннис орталығында, қысқы спорт түрінен Спорт сарайында, «Биік» футбол орталығында, «Марс» спорт кешендері мен спорт мекемелерінің залдарында, саябақтарда және спорт алаңдарында оқу-жаттығулар жүргізілуде. Жоғарыда атап өткен спорт түрлерімен рұқсат берілген топтарда жалпы 6042 спортшы шұғылдануда.
Спортшылар мен жаттықтырушылардың арасында коронавирустық инфекция ауруының алдын алу шараларын жүргізу бойынша жаттығу өтілетін жерде және мекеме ғимаратында әр 2 сағат сайын күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимі орындалуда. Сондай-ақ аталған спорт мекемелердің ғимаратында және жаттығу залдарында арнайы санитайзерлер орнатылған. Ал жаттығу алдында мекеменің медициналық қызметкерлері әр спортшының дене қызуын тексеріп тұрады.
«AQ-QARA.KZ» - ақпарат»