Сәрсенбі, 13 Мамыр 2020 12:02

Шымкентте спорт мектептері жұмысын бастайды

Шымкентте спорт мектептері мен спорт секциялары жұмысын қайта бастайды. Спорт объектілері қызмет көрсетуге кіріспес бұрын мына талаптарды қатаң ескеруі керек: 

- кіретін жерде жұмыскерлердің дене температурасын бақылау; - температурасы жоғары және инфекциялық ауру белгілері бар адамдардың жұмыс орнында болуына жол бермеу; - кіреберісте, холлда, дәліздерде әрбір 50-100 м сайын, лифттерге кіреберісте, санитариялық тораптарда тері антисептигі бар санитайзерлер орнату; - адамдар жиналуы мүмкін «күту аймағын» болдырмау, олардың арасында кемінде 1-1, 5 метр қашықтықты сақтауды барынша қамтамасыз ету; - ойын-сауық іс-шараларын өткізу кезінде жобалық қуаттан 50%-ға дейін бір мезгілде жиналатын келушілерге рұқсат етіледі және көрермендерді залдарға қашықтық бойынша белгіленген талаптарды сақтау; - аумақты таза ұстау және сақтау, қоқысты уақытында шығаруды қамтамасыз ету, аптасына 1 рет «санитариялық» күн өткізу; - санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды сақтауға жауапты адамды анықтау; - жұмыскерлер арасында жеке, өндірістік гигиена ережелерін сақтау және олардың мүлтіксіз сақталуын бақылау қажеттілігі туралы нұсқама жүргізу; - қолғаптарды, маскаларды, респираторларды жұмыс күні ішінде уақтылы ауыстыру шартымен пайдалану; - әрбір 2 сағат сайын оқу-жаттығу процесі мен сабақтар өткізілетін жұмыс орындары мен үй-жайларды желдету; - профилактикалық тексеру жүргізе отырып, желдету жүйелері мен ауаны баптау жүйелерінің үздіксіз жұмысы; - жұмыс орындарында тамақ ішуге тыйым салу, тамақты тек арнайы бөлінген бөлмеде – тамақ ішетін бөлмеде ішу. Тамақ ішетін бөлме болмаған жағдайда, дезинфекциялау құралдарының көмегімен оны күнделікті жинауды қамтамасыз ете отырып, осы мақсаттар үшін қол жууға арналған раковинасы бар үй-жай бөлуді қарастыру.

Барлық нысандар сағат 10:00-ден 18:00-ге дейінгі жұмыс режимімен жұмыс істейді. Талаптар сақталмаған жағдайда, айыппұл салынып, нысан жабылады.

«AQ-QARA.KZ»-ақпарат.

Оқылды 1143 рет