Сенбі, 10 Қазан 2020 12:59

Шымкент: Еңбекші ауданы жастары дойбыдан сынға түсті

Шымкентте Еңбекші ауданы жастары дойбыдан сынға түсті. Бұл туралы Шымкент қаласының Ақпараттық-коммуникациялық орталығы хабарлайды.

Шымкент қаласының Еңбекші ауданындағы Жеңіс саябағында 2000-2006 жылы туған жастар арасында дойбыдан сайыс өтті. Мүмкіндігі шектеулі жастар арасында ұйымдастырылған бәсекеде 10 өрен сайысқа түсіп, бақтарын сынады.

Айта кетейік, дойбыдан өткен бәсеке  Еңбекші ауданы әкімінің кубогі Әл-Фарабидің 1150, Абай Құнанбаевтың 175 жылдық мерейтойларына арналып отыр.

Шымкент қаласының № 4 спорт мектебінің мамандары төрешілік еткен сайыста Бақытжан Нұрақ есімді қатысушы жүзден жүйрік шығып, жеңімпаз атанды.

Аудан әкімі Ғалымжан Ильясов жарыстың ашылу салтанатында дойбы спортының ақыл-ойды дамытуға қосар үлесі жөнінде тоқталып, жастарды салауатты өмір салтын насихаттауға шақырды. Сондай-ақ, алдағы уақытта осындай додалар жиі ұйымдастырылуы керектігін атап өтті.

Жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлері аудан әкімінің дипломы және бағалы сыйлықтарымен марапатталды.

«AQ-QARA.KZ»-ақпарат

 

Оқылды 934 рет