Сенбі, 05 Желтоқсан 2020 22:22

Шардарада жаңа спорт алаңшалары салынды

Шардарада жаңа спорт алаңшалары пайдалануға берілді. Футбол, баскетбол, воркаут ойындарын ойнауға арналған орын аудан жастарының салауатты өмір салтын қалыптастыруына бағытталған.

Және де бұқаралық спортты дамыту мақсатында нысандар ел игілігіне қызмет етпек.

Еліміздегі айтулы мереке Тұңғыш президент күніне орайластырып спорт алаңшаларының ашылу салтанаты өтті. Шардара аудандық спорт кешені маңынан кіші футбол, баскетбол, воркоут алаңшалары ашылып, алғаш спортшыларын қабылдады. Шардара ауданының әкімі Қайрат Жолдыбай болашақ жастарға сенім артатынын айтып, нысандардың ашылуымен спорт сүйер қауымды құттықтады.

Бүгінгі таңда елімізде эпидемиялық ахуал тұрақты. Сондықтан, спортшылардың жаттығу алаңшаларында сүйікті спорт түрімен айналыса алады. Айта кетерлігі, дәл қазіргі уақытта ауданда отыздан астам спорттық залдар мен нысандар ашылған. Онда жиырма алты мыңнан астам жасөспірім жаттығады.

Еске сала кетйік, шағалалы өңірден елу алты әлем чемпионы, жүз қырық төрт азияны бағындырған, үш жүз ден астам ел чемпионаттарын жеңген спорт саңлақтары шыққан. Бұл көрсеткіштерді әлі толықтыра түсу үшін спорт алаңшалары әлі де көптеп салынбақ.

 «AQ-QARA.KZ»-ақпарат            

 

Оқылды 1489 рет