Мемлекеттік маңызы бар басым бағытты күшейту үшін спорттық инфрақұрылымның саны артты. Атап айтсақ, Түркістан қаласында бірқатар спорттық нысандар салынып, қолданысқа берілуде. Жалпы қалада 204 спорт нысаны бар. Оның ішінде 1 спорт сарайы, 42 спорт залы, 5 жүзу бассейні, 4 спорт кешені, 4 стадион, 10 теннис корты, 139 спорт ойын алаңы (22 футбол манежі).
2018-2020 жылдары Түркістан қаласында заманауи үлгідегі жасанды төсенішімен 40 ашық спорт алаңшалары салынып, пайдалануға берілді. Олар: 26 кіші футбол алаңы, 6 теннис корты, 5 стрит воркаут алаңы, 3 стритбол. Сонымен қатар, 7000 орындық «Turkistan-Arena» стадионы мен жабық бассейні бар спорт сарайы іске қосылған болатын.
Дүниежүзі бойынша кең тараған спорт түрі-футболды дамыту мақсатында УЕФА-ның халықаралық талаптарына сай 7000 адамға лайықталған алып стадионда оқу-жаттығу жиындары және облыстық, республикалық және халықаралық жарыстар өтеді. «Самрұқ Қазына» ҰӘҚ АҚ Түркістанға тарту еткен стадионда жеңіл атлетикаға арналған жабық аренадан, акробатика, бокс, ауыр атлетика, спорттық гимнастика және йога залдары талаптарға сай толық жасақталған.
«AQ-QARA.KZ»-ақпарат