Сенбі, 27 Ақпан 2021 23:25

Түркістан споршысы ҚР Чемпионатында топ жарды

Ақтөбе қаласында дзюдо күресінен 2004-2005 жылы туылған жасөспірімдер арасындағы Қазақстан Республикасы чемпионаты ұйымдастырылды.

Сарыағаш ауданы, Жібек жолы ауылдық округінің тұрғыны Айман Ибрагимова 44 кг салмақ дәрежесінде чемпион атанды.

Ол осымен Қазақстанның екі дүркін чемпионы атанды. Бірінші рет 2017 жылдың маусым айында Қарағанды қаласында 2002-2003 жылы туылған жасөспірімдер арасында өткен чемпионатқа қатысып, жеңімпаз атанған болатын.

Айман Ибрагимова Сарыағаш аудандық №2 балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің тәрбиеленушісі. Жаттықтырушы Алжан Төрекуловтың шәкірті 2019 жылы Нұр-Сұлтан қаласындағы «Қажымұқан» атындағы спорт интернатына қабылданған. Пандемия жағдайына байланысты жаттығуын аудан аумағында жалғастыруда.

Айта кетейік, ел чемпионы нәтижелі еңбегінің арқасында 2019 жылы Нұр-Сұлтан қаласындағы «Қажымұқан» атындағы спорт интернатына қабылданды. Айман осымен екі дүркін Қазақстанның чемпионы атанып отыр. Бірінші рет 2017 жылдың маусым айында Қарағанды қаласында 2002-2003 жылы туылған жасөспірімдер арасында болып өткен чемпионатына қатысып, жеңімпаз атанған болатын.

«AQ-QARA.KZ»-ақпарат 

 

Оқылды 772 рет