Сенбі, 27 Ақпан 2021 17:39

Ордабасы: 2021 жылы спортпен тұрақты шұғылданушылардың қатарын 34 пайызға көтеру көзделуде

Түркістан облысы, Ордабасы ауданында  2021 жылы спортпен тұрақты шұғылданушылардың қатарын 34 пайызға көтеру көзделіп отыр. Бұл туралы Ордабасы ауданы әкімінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Ордабасы ауданында жалпы 223 спорт ғимараты бар. Оның 159-ы - спорт алаңы, 55-і - спорт зал, 1 - стадион, 1- спорт кешен және 7 жабық кіші футбол алаңшасы ел игілігіне пайдаланылуда.

Осы спорт нысандарында жалпы 38 997 адам спортпен тұрақты шұғылданып келеді. Бұл аудан халқының 32 пайызы.

2020 жылы ауданда 12 ашық спорт алаңшасы мен спорт залдар (Темірлан, Бөржар, Төрткүл, Қарақұм, Қараспан, Бадам) пайдалануға берілді.

2021 жылы спортпен тұрақты шұғылданушылардың қатарын 34 пайызға көтеру көзделуде.

2020 жылы 7 мен 18 жас аралығында балалар мен жасөспірімдер спорт мектептерінде және клубтарда спортпен шұғылданатын балалар мен жасөспірімдер қатары 1900-ді құрады.

 

2021 жылы бұл көрсеткішті де көтеру жоспарлануда. 

 «AQ-QARA.KZ»-ақпарат 

 

Оқылды 741 рет